Accessibility links

Одақтас елдер Каддафи биліктен кетуі тиіс дейді


Ұлыбритания, Франция және АҚШ жетекшілері Муаммар Каддафи биліктен кеткенге дейін Ливиядағы әскери науқанды жалғастыруға уәде етті.

Батыс басылымдарында жарияланған бірлескен мәлімдемеде Дэвид Кэмерон, Николя Саркози және Барак Обама "Каддафиді билікте қалдыру Ливия халқына арсыз сатқындық болады" деген.

Осыдан бір күн бұрын Ливия көтерілісшілері Каддафи күштеріне қарсы НАТО жетекшілігіндегі әуе шабуылдарын күшейтуге шақырған еді.
XS
SM
MD
LG