Accessibility links

HRW: Каддафи күштері кассеталық бомбаны қолданып жатыр


Адам құқын қорғаушы Human Rights Watch ұйымы хабарлағандай, Ливияда Муаммар Каддафи күштері көтерілісшілерге қарсы тыйым салынған кассеталық бомбаларды пайдаланып жатыр.

Human Rights Watch үш гранатасы бар бомба Мисрата қаласы маңынан табылғанын айтты.

Адам өміріне қауіпті мұндай бомба түрін пайдалануға 100-ден аса ел тыйым салған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Каддафи күштері ондай қару түрін қолдану мүмкіндігіне таң қалмайтынын айтты.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG