Accessibility links

Сербия оппозициясы үкіметке қарсы шеру өткізуде


Сербияның өте ықпалды оппозициялық партиясы бүгін үкіметке қарсы наразылық шеруін өткізіп, 2012 жылдан ертерек сайлаулар өткізуді талап етіп жатыр.

Сербияның прогресивті партиясының жетекшісі Томислав Николич жұма күні мәлімдегенінде, біз шерулерді аяқтағанда, президент Борис Тадичтің сайлауды кезектен тыс жариялаудан басқа амалы қалмайды деді.

Осы аптаның басында Николичпен кездескен Тадич Сербия Еуропа одағына мүшелікке үміткер мәртебесін алғанша, сайлау мерзімін белгілеу мүмкін емес болды деген.

Сербияда Еуропа Одағын қолдаушы коалициялық үкімет 2008 жылы құрылған.
XS
SM
MD
LG