Accessibility links

БҰҰ Ирақ лагеріндегі кісі өлімін тергеуге шақырды


БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басшылығы Ирақтағы иран диссидентері тұратын лагердегі өлімдерге тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырды.

Нави Пиллэйдің айтуынша, өткен аптада Ирақта орналасқан Ашраф лагерінде кемінде 34 адам өлтірілген. Бірақ Ирақ билігі жергілікті фермерлердің жерін қайтарып алып беру операциясында тек 3 адам қаза болғанын айтты.

Және де Ашраф Иран моджахедтері ұйымының базасы болып табылады. Бұл ұйымды Еуропа одағы террорлық ұйым тізімінен шығарғанымен АҚШ, Ирақ және Иран оны террорлық ұйым ретінде қабылдайды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG