Accessibility links

Айтжанова экономикалық интеграция министрі болды


Қазақстанның экономикалық интеграция министрі Жанар Айтжанова болды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Кәрім Мәсімов сенбі күні Twitter әлеуметтік желісі арқылы айтқан.

Қазақстан президентінің қаулысымен Айтжанованың жаңа қызметі бекітілгенін Ақорда сайты да хабарлады.

Айтжанова осыған дейін экономикалық дамулар және сауда министрі болған. Оның алдында 2003 жылы индустрия және сауда вице-министрі болып, 2005 жылдан Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту келіссөздерінде Қазақстанның арнайы өкілі болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG