Accessibility links

Қазақстан мен Үндістан әр салада ынтымақтастық құруға келісті


Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхтің Астанаға сапары кезінде бірқатар құжаттар мен келісімдерге қол қойылды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Қазақстан мен Үндістан арасындағы үкіметаралық жоспар бойынша, 2011-2014 жылдары азаматтық істер бойынша құқықтық қолдау көрсету, мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық жөнінде және Сәтпаев жобасындағы 20 пайыздық үлесті үндістандық компания жағына беру келісімдері жасалды.

Сонымен қоса тараптар ауылшаруашылық саласында, денсаулық сақтау мен медицина және мақта-мата өнеркәсібі аясында бірлесе жұмыс істеуге келісті.
Сенбі күнгі кездесу соңында премьер-министр Сингх президент Назарбаевты Үндістанға шақырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG