Accessibility links

Ауғанстандағы жанкештінің шабуылынан 9 әскер мерт болды


Бүгін НАТО күштері Ауғанстанның солтүстігінде әскери база сыртында болған шабуылдан халықаралық күштердің бес сарбазы мерт болғанын айтты.

Сонымен қатар Ауғанстан қауіпсіздік қызметкерінің киімін киген жанкешті Жалалабадтағы әуе базасы аймағына шабуылдады. Ауған ресмилері жарылыстан 4 адам қаза тауып, бірнеше әскер жараланды деп хабарлады.

Жалалабад ауруханасының дәрігері Баз Мохаммад Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында:
"Біз шабуылдан құрбан болған 4 сарбаз бен сегіз жаралы адамды қабылдадық. Жарақат алғандарға бірінші жәрдем көрсетілді. Қазір олардың жағдайы дұрысталды, жақында үйлеріне жіберіледі".

Жанпидашы ауғандық әскердің киімімен базаға кіріп кеткен. Германиялық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылысқа жауапкершілікті талибандар алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG