Accessibility links

Ливияда шайқастар жалғасып жатыр


Ливия көтерілісшілері стратегиялық Брега мұнай портына жақындап қалғандарын хабарлады. Олардың айтуынша, Муаммар Каддафидің күштері қаланың ішінде, ал көтерілісшілер Бреганың шетінде шайқасып жатыр.

Аждабиядан батыс жаққа баратын тас жолда Каддафи күштерінің зымырандық шабуылдарынан 6 көтерілісші опат болып, 16 адам жарақат алды.

Сонымен қатар Мисрата қаласында Каддафи әскерилері шабуылдарын жалғастырды. Халықаралық Human Rights Watch ұйымы Каддафи күштерін Мисратада тыйым салынған кассеталық бомбаларды пайдаланды деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG