Accessibility links

Медведев Гонконг биржасына барады


Ресей президенті Дмитрий Медведев бүгін Қытайға ресми сапарын жалғастырып, Гонконг қаласына барады. Ол Гонконг құнды қағаздар биржасында Ресей компаниялары акцияларының сатылу мүмкіндігін күшейтпекші.

Өткен жылы аталмыш биржаға Ресейдің "РУСАЛ" аллюминий компаниясы өз акцияларын ұсынған болатын. Қазіргі уақытта басқа да ресейлік компаниялар солай жасамақшы.

Медведев - Қытайдың Баоа қаласындағы Азиялық экономикалық форумда жоғары мәртебелі қонақтардың бірі болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG