Accessibility links

Куба президенті саясаткерлердің мерзімін шектеуді ұсынды


Куба президенті Рауль Кастро кубалық саясаткерлердің мерзімін шектеуді ұсынды.

79 жастағы президент коммунистік партияның жиынындағы делегаттарға кубалық саясаткерлер мен тағы басқа маңызды ресми өкілдер өз қызметтерінде екі рет бесжылдық мерзімнен астам уақыт болмауы тиіс деп атап көрсетті.

Егер тиісті заңдарға өзгеріс енгізілсе, 2008 жылы ағасы Фидель Кастродан кейін ресми түрде президент болып сайланған Рауль Кастро кубалық жетекші ретіндегі екінші мерзімі аяқталған кезде кемінде 86 жаста болады.
XS
SM
MD
LG