Accessibility links

Әзербайжан полициясы оппозицияның шеруіне кедергі жасады


Жексенбі күні Әзербайжан полициясы ел астанасы Бакуде оппозицияның шеруіне кедергі жасады. Азаттық радиосының әзербайжан қызметінің хабарлауынша, шеруге жиналған жүздеген белсенді «бостандық, еркіндік» деп айқайлап, президент Илхам Әлиевтің биліктен кетуін талап еткен.

Полиция шерушілердің көбін, тіпті олардың арасында болған 5 жасар қызды да тұтқындаған. Қауіпсіздік күштері кез келген шерудің алдын алу үшін орталық саябақты жауып тастаған.

Соңғы апталарда оппозиция белсенділері бірнеше рет үкіметке қарсы наразылық шарасын ұйымдастырмақ болған еді бірақ қауіпсіздік күштері оған жол бермеді. Оппозициялық «Қоғамдық палата» тобы жексенбі күнгі шеруді өткізу үшін биліктен рұқсат алмақшы болған бірақ қала әкімшілігі мұндай шеруді тек Бакудың сыртында ғана өткізуге мұрсат берді.
XS
SM
MD
LG