Accessibility links

Йемендегі қақтығыстарда жүздеген адам жараланды


Йемен астанасы Сана қаласында жексенбі күні наразылық акциясына шыққандарға қарсы әскер оқ атып, 20-дан астам адам жараланған. Кейбір деректер бойынша, шерушілерге қарсы полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, одан бірнеше жүз адам зардап шеккен.

Наразылық шеруіне шыққан ондаған адам тұтқынға алынған.

Ұзақ жылдар бойы Йеменде билік басында отырған президент Әли Абдолла Салехтің отставкаға кетуін талап етіп ел астанасында шеруге ондаған мың адам қатысқан. Сондай-ақ, Таиз, Ибб және Әл-Худайда сияқты қалаларда да наразылық шерулері өткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG