Accessibility links

Каддафи әскері көтерілісшілерді ықсырып барады


Ливияда Муамар Каддафидің әскер күші елдің шығысында көтерілісшілерді ықсырып барады.

Каддафи күші көтерілісшілердің қолындағы Аджабия қаласын зымырандармен атқылағаны хабарланып отыр. Бұл қала теңіз арқылы мұнай тасымалданатын Брег портына барар жолда орналасқан.

НАТО күштерінің Муаммар Каддафиге бағынышты әскери нысандарға әуеден соққы бергеніне қарамастан, көтерілісшілер өткен аптада елдің шығысында өз қолдарында болған аумақты ұстап тұра алмады.

Жексенбі күні Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон көтерілісшілерге жәрдем беру үшін Ливияға халықаралық әскери контингент кіргізу мүмкіндігін жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG