Accessibility links

Парсы шығанағындағы елдер Иранды айыптады


Парсы шығанағындағы елдердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері өзге елдердің ішкі ісіне араласып отыр деп Иранды айыптады.

Сауд Арабиясының астанасында кездескен сыртқы істер министрлер әлем қауымдастығы мен Біріккен ұлттар ұйымын Иранның әлгіндей әрекетін тоқтату үшін «қажетті шаралар» қабылдауға шақырған.

Кеңеске мүше елдер – Бахрейн, Кувейт, Оман, Катар, Сауд Арабиясы мен Біріккен араб әмірліктері – «олардың ішкі істеріне шетелдің араласуына үзілді-кесілді қарсы екендерін және арандатуды тоқтатуға иран үкіметінің көзін жеткізгісі келетіндерін» мәлімдеген.

Осының қарсаңында Сауд Арабиясы егер Иран билігі өз аумағында саудиялық елшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін болса, оларды кері шақырып алатынын мәлімдеген еді.

Бұл мәлімдемеге дейін, саудиялық әскердің Бахрейнге кіргізілуіне наразылықтарын білдіріп Теһрандағы Сауд Арабиясы елшілігі алдына келгендер елшілік ғимаратына жанғыш заттар лақтырған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG