Accessibility links

Сирия күштері шеруде кемінде 7 адамды өлтірген


Адам құқын қорғаушы топтардың хабарлауынша, Сириядағы үкіметке қарсы шерулерде қауіпсіздік күштері жеті адамды өлтірген. Олар Хомс қаласында түрмедегі тайпа жетекшісінің өліміне наразылық танытып, көшеге шыққан.

Адам құқын қорғаушы белсенділер Рейтерс агенттігіне берген сұқбатында, өткен түнде қаза болғандар аяусыз өлтірілді деді. Сириядағы билікке қарсы наразылық шаралары барған сайын күшейіп барады.

Тунис пен Египет жетекшісін биліктен кетірген халықтық толқулар Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріне тарап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG