Accessibility links

Сирия билігі: "Қарулы бүлік - исламшылдардың ісі"


Сирия ішкі істер министрлігі "исламшыл салафиттердің ұйымдастыруымен елдегі тәртіпсіздіктер қарулы бүлікке ұласты" деп мәлімдеді.

Полицейлер мен сарбаздарды, бейбіт тұрғындарды өлтірді деп исламшыл топтарды айыптаған билік тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандардың қатаң жазаланатындығын ескертті.

Дүйсенбі күні Сирияның үлкендігі жағынан үшінші орындағы Хомс қаласында мыңдаған адам наразылық шеруіне жиналып, президент Башар Асад пен қазіргі үкіметтің дереу биліктен кетуін талап етті.

Оппозиция өкілдерінің айтуынша, жексенбі күні Хомста қауіпсіздік күштері қызметкерлерімен қақтығыста 12 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG