Accessibility links

Кубада жылжымайтын мүлікке жеке меншік түрі енгізіледі


Кубада 1959 жылы болған төңкерістен бері алғаш рет ел азаматтарына қозғалмайтын мүлікті сатып алу және сатуға рұқсат берілетін болды.

Бұл туралы шешім дүйсенбі күні өткен Коммунистік партияның съезінде қабылданды. Осыған дейін заңға сәйкес азаматтар өз пәтерлерін балаларына мұраға қалдыруға немесе айырбастауға ғана құқылы еді.

Компартияның бұл шешіміне Кубаның бұрынғы басшысы әрі революция көсемі Фидель Кастро да қолдау білдіргені хабарланды.

Сонымен бірге, дүйсенбіде съезде Куба президенті - Фидель Кастроның інісі - Рауль Кастро мемлекеттік маңызды қызметтерде бір адам екі рет бес жылдық мерзімнен артық отырмауы керек деп мәлімдеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG