Accessibility links

Сирия күштері шерушілерге оқ атты деп хабарланды


Бүгін Сирия қауіпсіздік күштері елдің үшінші ірі қаласы Хомста үкіметке қарсы шерушілерге оқ атты деп хабарланып отыр.

Белсенділердің айтуынша, қауіпсіздік күштері орталық алаңда жиналып, президент Башар әл-Ассадтың биліктен кетуін талап еткен наразылық танытушыларға оқ атқан. Қанша адамның жараланғандығы әзірше белгісіз.

Адам құқығын қорғаушылардың айтуынша, Сирияда үкіметке қарсы шерулер барысында кемінде 200 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG