Accessibility links

Тәжікстан ұсталған қырғыз азаматын босатты


Тәжікстан билігі "заңсыз сынап сатты" деген айыппен ұсталған қырғыз азаматын босатқан соң қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленісті жағдай бәсеңсіді деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Шекараның қырғыз жағындағы Қара-Бақ ауылының 100-ге жуық тұрғыны дүйсенбі күні жиналып, Расул Буркановтың азат етілуін талап етті.

Тәжікстан билігі Буркановтың қырғыз жерінде ұсталғандығы анықталған соң оны босатқан. Тәжікстанның айтуынша, Буркановқа қатысты тергеуді қырғыз билік орындары жүргізуі тиіс.

Мұндай оқиғалар қырғыз-тәжік шекарасында жиі болып тұрады. Совет одағы ыдырағалы бері бұл екі ел арасындағы шекара ресми түрде бөлінбеген. Жалпы 970 шақырымдық шекараның шамамен жартысы даулы мәселе деп есептеледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG