Accessibility links

Беларусь милициясы метродағы жарылысқа күдікті ретінде құқық қорғаушыны ұстады


Беларусь заң орындары Минск метросында болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Беларусь еліндегі Хельсинки комитетінің мүшесі, адам құқығын қорғаушы Павел Левиновты ұстады деп мәлімдеді аталған комитеттің басшысы Олег Гулак.

Левинов отырған милиция басқармасында болған Гулак "ол әлі кемінде он тәулік қамауда отыратын сияқты" деп хабарлады.

Павел Левиновты сейсенбі күні өз пәтерінде ұстаған, сол күні милиция басқармасына тағы бірнеше адамды ұстап алып барған. Бұл туралы милицияға жеткізіліп, кейін босатылғандардың бірі айтып берді.

Ресми құқық қорғау орындары бұл ақпаратқа қатысты әзірге ешқандай түсінік берген жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG