Accessibility links

Нигериядағы қақтығыстарда ондаған адам қаза болды


Нигерияда президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін елдің солтүстігінде басталған тәртіпсіздіктер салдарынан ондаған адам мерт болып, мыңдаған адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

Елдің негізінен мұсылмандар басым тұратын солтүстігі президенттікке оңтүстік өңірдің тумасы, христиан дініндегі Гудлак Джонатанның қайта сайлануына наразылық білдіріп, дауыс беру нәтижелері бұрмаланды деп мәлімдеді.

Наразылық танытушылар үйлерге, шіркеулер мен полиция мекемелеріне өрт қойған.

Президент сайлауының дауыс беру қорытындысы бойынша, қазіргі президент Гудлак Джонатанды сайлаушылардың 57 пайызға жуығы қолдап дауыс берген. Ал оның саяси бәсекелесі – бұрынғы генерал, мұсылман Мұхаммед Бухариді сайлаушылардың 31 пайызы жақтаған.

Халықаралық бақылаушылар сайлау жалпы алғанда демократия талаптарына сай өтті деп таныды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG