Accessibility links

Ақмола облысындағы түрмеде екі тұтқын денелерін тіліп тастады


Сәрсенбіге қараған түні Ақмола облысы Жарқайың ауданындағы Степной кентінде орналасқан жалпы тәртіптегі қамау мекемесінде жазасын өтеп жатқан екі адам өз денелерін өткір затпен тілгілеп, жарақат салды деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) департаментінің баспасөз қызметі қамау мекемесіндегі тәртіпке наразылық ретінде тұтқындардың бірі ұстараның жүзімен өз қолын кескілеп, екіншісі темір төсектің бөлігімен өз денесін жарақат салды деп түсініктеме берген.

Сонымен бірге ҚАЖК департаменті төтенше оқиға болған мекемеде тағы бір тұтқын өз денесін жарақаттамақшы болғанын, алайда мекеме қызметкерлері оған жол бермегенін хабарлады.

Қазір арнайы комиссия бұл оқиға бойынша колонияда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG