Accessibility links

Дағыстанда өлтірілген бүлікші Қазақстан азаматы болуы мүмкін


Дағыстанда өлтірілген исламшыл бүлікші Қазақстан азаматы болуы мүмкін деп хабарлайды Азаттық радиосының орыс қызметі.

Бүгін Ресейдің лаңкестікке қарсы ұлттық комитетінің ресми өкілдері қауіпсіздік күштері Дағыстандағы исламшыл бүлікшілердің жетекшілерінің бірі Сәбитбай Амановты өлтірді деп жариялады. Ол Солтүстік Кавказдағы исламшыл бүлікшілердің жетекші идеологы Саид Бурятскийдің көмекшілерінің бірі болған делінеді.

Хабарларға қарағанда, Аманов сәрсенбіге қараған түні Дағыстан астанасы Махачкаланың шетіндегі жекеменшік үйде қоршауға алынып, атып өлтірілген.

Саид Бурятский деген атпен танылған бүлікшілер жетекшісі Александр Тихомировтің өткен жылы наурыз айында арнайы операция барысында өлтірілгендігі хабарланған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG