Accessibility links

МАГАТЭ басшысы: Әлем ядролық энергиядан бас тартпайды


Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Чернобыль атом электр станциясы жарылған жерде мәлімдеме жасап, 1986 жылғы апат пен жапониялық ядролық дағдарыс атом энергиясының маңыздылығын жоймайды деп атап көрсетті.

МАГАТЭ басшысы Юкия Амано бүгін Чернобыльге БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мунмен және Украина президенті Виктор Януковичпен бірге барды. Аманоның айтуынша, әлем ядролық энергетикадан бас тартпайды бірақ халықаралық қауымдастық қолынан келгенше ядролық энергияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Сәуірдің 26-да Чернобыль АЭС-індегі апатқа 25 жыл толады. Сейсенбі күні Киевте жиналған халықаралық донорлар 1986 жылы жарылған ядролық реакторға жаңа саркофаг құруға көмектесу үшін 550 миллион евро бөлуге уәде етті.

XS
SM
MD
LG