Accessibility links

Барак Обама Facebook пайдаланушыларымен сұхбат өткізді


АҚШ президенті Барак Обама Калифорния штатындағы Кремний алқабында орналасқан Facebook ("Фэйсбук") компаниясының штаб-пәтерінде болып, интернет пайдаланушыларының сұрақтарына тікелей байланыста жауап берді.

Обамаға негізінен Ақ үй әкімшілігінің экономикалық саясатына қатысты сауалдар қойылды. Президент АҚШ мемлекеттік бюджетінің тапшылығын қысқарту жоспары туралы әңгімелеп, салық және энергетика саласындағы реформалар туралы айтты.

Талдаушылар Ақ үй басшысының әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі арқылы көпшілікпен тікелей өткізген бұл сұқбатын келер жылы АҚШ президенті сайлауына екінші рет түсетін Барак Обаманың сайлау науқанының басы деп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG