Accessibility links

Жапония "Фукусима-1" АЭС-інің маңына баруға тыйым салды


Жапон үкіметі «Фукусима-Дайичи» атом электр стансасының айналасындағы 20 шақырымдық аумаққа баруға ресми түрде тыйым салды. Бұл туралы үкіметтің бас хатшысы Юкио Эдано мәлімдеді.

Оның айтуынша, радиация деңгейінің төмендегені туралы хабарларға қарамастан, АЭС-те бұрынғысынша тұрақсыз жағдай қалыптасып отыр.

Бұдан былай АЭС төңірегіндегі тыйым салынған 20 шақырымдық аймаққа рұқсатсыз кіруге әрекет жасағандарға айыппұл салынады.

Бұл аймақта тұратын 80 мыңға жуық адам наурыздың 11-індегі зілзала мен жойқын цунами салдарынан АЭС-те апат болған соң басқа жаққа көшірілген. Бірақ соңғы уақытта олардың кейбіреулері үйлеріне қайта орала бастады. Осы кезге шейін билік оларға тосқауыл қоя алмаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG