Accessibility links

Франция Ливияға әуе соққысын үдетуге уәде берді


Франция президенті Николя Саркози "НАТО қоршаудағы Мисурата қаласын қорғап шайқасып жатқан көтерілісшілрге болысу үшін жақын уақытта Ливиядағы әскери нысандар мен Муаммар Каддафидің күшіне әуеден соққы беруді үдетеді" деп мәлімдеді.

Саркози бұл сөзін Парижде, Муамар Каддафи билігіне қарсы көтерілгендер құрған Ұлттық өтпелі кеңестің басшысы Мұстафа Әбдел Жалилмен кездесуде айтқан.

Кеше Мисурата үшін болған шайқаста кемінде он адам қаза болғаны туралы ақпарат бар. Қайтыс болғандар арасында Украиналық дәрігер, америкалық және ұлыбританиялық екі журналист бар.
XS
SM
MD
LG