Accessibility links

Жапония цунами салдарын жоюға елу миллиард доллар бөледі


Жапон үкіметі наурызда болған зілзала мен жойқын цунами салдарын жоюға 50 миллиард долларға жуық қаржы бөлмек. Бұл мақсатта ел бюджетіне тиісті өзгеріс енгізу жобасы парламентке ұсынылды.

Үкімет зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге бөлінетін қаржыны қосымша мемлекеттік облигациялар шығармай табуға уәде беріп отыр.

Бұл қаржы табиғи апаттан соң қайта қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы кезеңіне жұмсалмақ. Он бес мыңнан аса адам құрбан болған Жапониядағы биылғы табиғи апат салдарын жою үшін, мамандардың есебі бойынша, 300 миллиард доллар қажет болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG