Accessibility links

Сирияда үкіметке қарсы шерулер одан әрі жалғаспақ


Сирия белсенділері президент Башар әл-Ассадтың режиміне қарсы шерулерін жалғастыратындарын айтты.

Бейсенбі күні президент 48 жылға созылған төтенше тәртіп жағдайын алып тастау туралы заңға қол қойды. Елде бір айдан астам уақыт бойы үкіметке қарсы шерулер өткізіп жатқан наразылық танытушылар демократиялық реформалармен қоса төтенше тәртіп жағдайының жойылуын талап еткен болатын.

Адам құқығын қорғаушы топтардың айтуынша, Сирияда қауіпсіздік күштерінің наразылық танытушыларды басып-жаншуы кезінде кемінде 200 адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG