Accessibility links

Ресей: Шешенстанда "Әл-Қаиданың" өкілі өлтірілді


Ресей ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, қауіпсіздік күштері "Әл-Қаиданың" Солтүстік Кавказдағы өкілі болған саудиялық бүлікшіні өлтірген.

Лаңкестікке қарсы ұлттық комитеттің жұма күнгі мәлімдемесінде Шешенстанның Шали ауданындағы Сержен-Юрт ауылы жанында қауіпсіздік күштерімен арада бейсенбіде болған шайқаста екі бүлікшімен қатар Моганнед деп аталып кеткен жауынгердің көзі жойылды делінген.

Шешен бүлікшілерінің жетекшісі Доку Умаров сияқты Моганнед те аймақтағы содырлар арасында жетекші тұлға болған делінеді. Лаңкестікке қарсы комитеттің мәліметінше, соңғы жылдары Ресейдегі ірі жанкештілік шабуылдарға Моганнедтің қатысы бар болуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG