Accessibility links

Пәкістанда зымырандық шабуылдан 20-дан астам адам мерт болды


Пәкістанның қауіпсіздік бойынша ресми өкілдерінің айтуынша, Солтүстік Вазиристандағы үйге жасалған зымырандық шабуылдардан кемінде 22 адам опат болған.

Жұма күні нысынаға алынған үйде бүлікшілер жасырынған болуы мүмкін бірақ ресми өкілдердің айтуынша, құрбан болғандардың арасында қарапайым азаматтардың болуы ықтимал. Зымыран АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшағынан атылған көрінеді.

Осыдан бір күн бұрын Пәкістанның армия басшысы генерал Ашфак Парвез Каяни мұндай шабуылдардан қарапайым адамдардың қаза болуы халықтың наразылығын туғызып жатыр деп мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар жұма күні ауған шекарасына жақын Лоур Дир аймағындағы тексеру бекетіне жасалған шабуылдан қауіпсіздік күштерінің кемінде 14 мүшесі мерт болды деп хабарлайды елдің ресми өкілдері.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG