Accessibility links

БҰҰ басшысы Ресей президентімен кездесті


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун бүгін Мәскеуге сапары барысында Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

Ресей Батыс елдерінің Ливиядағы әскери әрекеттері БҰҰ-ның мандатынан тыс шығып жатыр деп алаңдаушылық танытып отыр. Мәскеу Ливияда НАТО-ның әуе шабуылдарына мұрсат беретін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына қатысты дауыс берулерде қалыс қалған болатын.

Медведевпен кездескен Пан Ги-мун аймақтық қақтығыстар мәселесі мен ғаламдық проблемаларды шешуде Ресей маңызды роль атқара алады деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG