Accessibility links

Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Біздің басты байлығымыз – бұл халықтар мен діндер арасындағы бейбітшілік пен келісім. Бізде Наурыз, Құрбан айт, Рождество, Ораза айт, Пасханы бірге қарсы алу бұрыннан жақсы дәстүрге айналған. Қазақстан жерінде барлық этностардың мәдениеті гүлденуде және бір-бірін байытуда", - делінген Назарбаевтың құттықтауында.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға мықты денсаулық, игілік және құт-береке тілеген.

Қазақстан халқының 26,2 пайызы христиан дінін ұстанады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG