Accessibility links

Ресми өкіл: Өзбекстан Еуропа Одағын емес, Қытайды таңдайды


Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Рустам Азимовтың айтуынша, Өзбекстан Еуропа Одағының орнына Қытаймен сауда байланыстарын жақсартуға кіріседі.

Азимов "кейбір еуропалық елдер бізге қарсы санкция енгізу арқылы Өзбекстанды бопсалауға әрекеттенген" деп атап көрсетті. Жұма күні Ташкентте баспасөз мәслихатын өткізген Азимов "шикізатымыз үшін бізге ойдан шығарылған саяси мәлімдемелер айтылмайтын сенімді нарық керек" деп мәлімдеді.

Батыс елдері елдегі нашар адам құқықтары жағдайына байланысты Өзбекстан үкіметін сынаған болатын. Азимовтың айтуынша, Ташкент Өзбекстанды құрметтейтін кей еуропалық елдермен қарым-қатынастарын нығайта бермек. Бұл тұрғыда ол Германияны атап өтті.

Осы аптаның басында Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың Қытайға сапары барысында екі ел арасында миллиардтаған долларлық келісімдерге қол қойылған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG