Accessibility links

НАТО: Ауғанстанда "Өзбекстан ислам қозғалысының" жетекшісі ұсталды


НАТО күштері Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз уәлаятында "Өзбекстан ислам қоғалысының" жетекшісін ұстағандарын хабарлады.

НАТО мәлімдемесіне қарағанда, әлгі азамат екі үзеңгілесімен бірге сәуірдің 20-да Ханабад ауданындағы әскери операция барысында тұтқындалған. Ұсталған "Өзбекстан ислам қозғалысы" жетекшісінің аты-жөні жарияланбады.

Бұл қозғалыс 2001 жылы Ауғанстандағы қақтығыста "Талибанның" жағында болған бірақ АҚШ-тың әуе шабуылдарынан кейін топ мүшелері Пәкістанның тайпалы аймақтарына қашып кеткен.

"Әл-Қаидамен" байланысы бар "Өзбекстан ислам қозғалысы" соңғы кездері Тәжікстанмен шекаралас Құндыз уәлаятында белсенділік танытып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG