Accessibility links

Ақ үй Йеменнің билікті беру жоспарын қоштады


АҚШ Йемен президенті Али Абдулла Салехтың билікті тапсыруға ниет танытқан хабарламасын оң қабылдап отыр. Ақ үй Йемендегі халықтың тілегі бойынша биліктің бейбіт түрде ауысын қолдайтынын білдірді.

Сенбі күні президент Али Абдулла Салех Парсы шығанағы кеңесінің арағайындық жасаған билікті тапсыру жоспарымен келіскен, бұл туралы оның жақын одақтасының бірі хабарлады.

Cалех Йеменді 32 жылдай басқарды. Жаңа жоспар бойынша Салех 30 күннің ішінде өзін қудалаудан қорғайтын артықшылық алып, билікті орынбасарына тапсырып кетуі керек.

Оппозициялық жеті партиядан құрылған коалиция ол жоспарды кейбір шектеулермен қабылдағандарын айтып отыр.

Йеменде екі айдан аса Салехтің биліктен кетуін талап еткен үкіметке қарсы шерулер болды. Онда кемінде 120 адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG