Accessibility links

Ливияның үкіметтік күштері Мисратадан кете бастады


Муаммар Каддафи жасақтары оппозициялық көтерілісшілер қолындағы Мисрата қаласына шабуылын тоқтатып, кері қайта бастады деген хабарлар түсті.

Жағалаудағы бұл қала соңғы екі ай бойы шабуыл астында болған. Егер бұл мәліметтер расталса, Ливия көтерілісшілерінің бақылауындағы жалғыз қала осы болмақ. Басқа таулы аймақтағы көтерілісшілер қаласын үкіметтік жасақтар басып алған.

Ливия сыртқы істер вице-министрі Халед Каим сенбі күні НАТО-ның әуе соққылары Сирте, Ғариян, Азизиях, Триполи және Хира қаласына берілгенін айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG