Accessibility links

Обама армян қырғынын геноцид деп атамады


АҚШ президенті Барак Обама бір ғасырдай бұрын Осман империясы тұсында жаппай өлтірілген армяндарды еске алу күніне арнап сөз сөйледі.

Обама 1915 -1923 жылдары 1,5 миллиондай армянның қырылғанын XX-шы ғасырдың ең ауыр қасіреті деп атады. Бірақ АҚШ президенті үшінші жыл қатарынан бұл оқиғаны геноцид деп айтпай келеді.

Америкадағы армян қауымдастығы Обаманың бұл мәлімдемесін сынап отыр.
XS
SM
MD
LG