Accessibility links

Сириядағы үкіметке қарсы шеруде 12 адам қаза тапты


Сирия астанасында сенбі күні болған шеруде кемінде 12 адам қаза болды. Қауіпсіздік күштері Дамаск маңында шеруде қаза болғандарды жерлеп жатқан бейбіт халыққа оқ атқан.

Сирияда оның алдында бір айға жақындаған билікке қарсы наразылық шеруін полиция күшпен басып, қанды қақтығыс болған еді.

АҚШ президенті Барак Обама Сирияның жұма күнгі қақтығысын айыптап, президент Башар әл-Ассад халықты күшпен басуға Ираннан көмек алып отыр деген. Сирия үкіметі Обаманың ол айыптауын қабылдамады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG