Accessibility links

Үндістанның рухани жетекшісі Саи Баба өмірден өтті


Үндістанның ең ықпалды рухани көсемі Сатия Саи Баба 85 жасында өмірден озды. Ол жүрек ауруынан көз жұмған.

Саи Бабаның әлемде миллиондаған жақтаушысы бар деп айтылады. Олардың қатарында әлем жұлдыздары, белгілі саясаткерлер мен кәсіпкерлер бар.

Саи Бабаны таңғажайыптар жасайды деген қолдаушылары оны тірі құдай ретінде санайды. Оның ұйымы әлемнің бірқатар елдерінде ауруханалар мен мектептер құрған.

Жүз мыңдаған адам онымен қоштасуға Путтапартхи қаласына жиналмақшы.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG