Accessibility links

НАТО соққысынан Каддафи резиденциясындағы ғимарат бүлінді


НАТО әскери әуе күштерінің соққысынан Триполидегі Муамар Каддафидің әкімшілік ғимараттарының бірнешеуі бүлінген. Ливия ресми баспасөзі әуе соққысы салдарынан 45 адам жараланған, бірнеше кісі хабарсыз кеткен деп хабарлады. Әзірге бұл деректерді тәуелсіз ақпарат көздерінен анықтау мүмкін болмай отыр.

Ресми Триполи бұл әуе соққысын Каддафиді өлтіру мақсатындағы әрекет деп атады. Бұның алдында Ливия астанасында өткен түні бірнеше қатты жарылыс естіліп, жергілікті үш телеарна хабарлары біраз уақытқа үзіліп қалғаны туралы хабарланған еді.

Каддафиге бағынышты әскер жексенбі күні Мисуратаны атқылады. Олар осының алдында көтерілісшілерді атысты тоқтату туралы бейбіт келісімге келуге көндірмек болған жергілікті ақсақалдардың өтініші бойынша қоршаудағы қаланы атқыламайтыны туралы жариялаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG