Accessibility links

Қазақстан былтыр Ош қақтығысы кезінде қираған танкілерді жөндеп бермек


"Алай" қонақ үйінің алдында тұрған танк. Ош, 24 қазан 2010 жыл

"Алай" қонақ үйінің алдында тұрған танк. Ош, 24 қазан 2010 жыл

Қазақстанның таяуда аймақтағы әскери техника шығаратын бірден-бір елге айналу арманы орындалып келеді деп жазады EurasiaView («Еуразия вью») басылымы сәуірдің 21-і күнгі нөмірінде.


ЖАҢА КӘСІПОРЫННЫҢ ЕГДЕ МАМАНДАРЫ

Басылымның жазуынша, қазақстандық «Техноэкспорт» әскери-қорғаныс кәсіпорны Қырғызстанда сол елдің әскери техникаларын жөндеп, жаңалайтын бірлескен кәсіпорын ашпақшы.

Бұл жайында егжей-тегжей ақпарат берген қырғыз қорғаныс министрлігіне қарайтын мемлекеттік «Қырғызқұрал» кәсіпорнының бас директоры Жырғалбек Сағынбаев былай дейді: «Кәсіпорын Балыхчы қаласындағы (Ыстықкөл аймағының солтүстік-шығысында) әскери бөлімнің пайдаланылмаған бөлігінде салынады. Бұл жобаның арқасында жаңа 300 жұмыс орны ашылады. Шағын қалаларға қолдау көрсету мақсатында біз техникалық білімі бар, зейнетке шыққан жергілікті әскери қызметкерлерді жұмысқа тартамыз. Жалақысы жоғары, шамамен 10 мың мен 15 мың сомның аралығында болмақ».

ҚЫРҒЫЗДАР КІМНЕН ҚАУІПТЕНЕДІ?

Жырғалбек Сағынбаевтың айтуынша, Қытай, Ресей және Түркия да Қырғызстанмен осындай бірлескен кәсіпорындар салуға құлшынып отырған көрінеді. Бас директор қазір үш елмен келіссөздер жүріп жатқанын жеткізді.
Қазақстанмен бірлесіп ашатын кәсіпорын «Қырғызтехноэкспорт» деп аталмақ. Зауытта негізінен қырғыз танкілері жөндеуден өтеді.

Қырғызстанның кейбір танкілері өткен жылы Оштағы өзбектерге қарсы бүлікте қолданылғаннан кейін ақауланып қалған болатын. Бірақ ешқандай әскери қауіп-қатер төніп тұрмаған осынау кедей мемлекеттің әскери салаға соншалықты басымдық беруі тегін емес деген ой айтады EurasiaView.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG