Accessibility links

Йемен күштері Таиз қаласындағы шерушілерге оқ атты


Хабарларға қарағанда, Йеменнің қауіпсіздік күштері дүйсенбі күні Таиз қаласына жиналған шерушілерді тарату үшін халыққа қарай оқ атқан.

Шеру белсенділері мен оқиға орнында болғандардың айтуынша, полиция жасақтары президент Али Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап еткен оңмыңдаған адамға көзден жас ағызатын газ бен оқ атқан. Бірнеше адам жараланды деп хабарланып отыр.

Сенбі күні президент Али Абдулла Салех Парсы шығанағы кеңесінің арағайындық жасаған билікті тапсыру жоспарымен келіскен. Жаңа жоспар бойынша Салех 30 күннің ішінде өзін қудалаудан қорғайтын артықшылық алып, билікті орынбасарына тапсырып кетуі керек.

Cалех Йеменді 32 жылдай басқарды. Бірақ шерушілер Салехтің ол келісіміне сенбей, оның биліктен тезарада кетуін талап етуде.
XS
SM
MD
LG