Accessibility links

Лавров: Ресей Грузияның жікшіл аймағын қорғауға дайын


Дүйсенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияны Тбилисидің әскери арандатушылығынан қорғауға дайын болды деп мәлімдеді.

Ресей 2008 жылы Тбилиси әскери шабуылмен Оңтүстік Осетияға бақылауды қайта алуға тырысты деп Грузиямен бес күн соғысқан болатын. Ресей кейінірек Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған.

Ресей Грузияның қазіргі режимінен бәрін күтуге болады деп санайды деген Лавров. Сыртқы істер министрі Лавров бұл пікірлерін дүйсенбі күні Оңтүстік Осетияда айтты.
XS
SM
MD
LG