Accessibility links

Чернобыль атом стансасында апат болғанына 25 жыл толды


Бүгін Украина, Беларусь және Ресей елдерінде осыдан тура 25 жыл бұрын Чернобыль атом стансасында болған апат құрбандарын еске алу шаралары өтеді.

Адамзат тарихында бейбіт атом қуатын пайдалану кезіндегі ең алапат оқиға 1986 жылы сәуірдің 26-сына қараған түні болған еді.

Чернобыль АЭС-інің төртінші энергоблогындағы жарылыс салдарынан атом реакторы толық бүлініп, атмосфераға өте көп мөлшерде, Хиросима қаласына тасталған америкалық атом бомбасынан кейінгі радиациядан шамамен 400 есе артық радиация тараған. Атом бұлты Еуропаның басым бөлігіне жетті.

Совет үкіметі апат болған АЭС-тің айналасындағы отыз шақырымдық аймақтан 115 мың адамды басқа жаққа көшірді. Чернобыль апаты мыңдаған адамды айықпас дертке ұшыратып, өмірлерін мезгілінен бұрын қиды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG