Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан екі адам қаза болды


Бүгін Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында екі рет жарылыс болып, үш адамды мерт қылған. 50-ден астам адам жараланған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жарылысты әскери теңізшілер мен әскери емес қызметкерлер мінген екі автобусты нысана еткен жанкештілер жасаған. Бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алған жоқ.

Пәкістанның басқа аудандарымен бірге Карачиде де соңғы кездері террорлық шабуылдар жиілеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG