Accessibility links

Саркози Берлусконимен кездеседі


Франция президенті Николя Саркози бүгін Римге барып, премьер-министр Сильвио Берлусконимен келіссөз өткізеді. Кездесу барысында Еуропа Одағының шекаралық бақылауын күшейту мәселесін талқылайды.

Шекарадан өтуге тырысқан Солтүстік Африка иммигранттарына байланысты Франция мен Италия арасындағы жағдай шиеленісе түсті. Италия толқулар болған Тунис пен басқа да африкалық елдерден қашып жатқан имигранттармен бір өзі күресіп жатқандығын айтады. Париж Римді заңсыз иммигранттардың шекарадан еркін өтуіне мүмкіндік беру арқылы өз жауапкершілігінен құтылмақшы деп айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG