Accessibility links

Бахрейн Иран елшілігінің ресми өкілін елден шығарды


Бахрейн ирандық дипломатты елден шығарды. Иран елшілігіндегі ресми өкіл Хужатулла Рахманиге таяуда Кувейтте анықталған "Иранның тыңшылық желісіне қатысы бар" деген айып тағылып отыр.

Осы айдың басында Кувейт тыңшылық жасады деген күдікпен үш ирандық дипломатты елден қуған болатын. Дәл сол уақытта халқының басым бөлігі шииттерден құрылған Иран мен сунниттер жетекшілігіндегі Араб елдері арасындағы жағдай шиеленісе түскен еді. Наурыз айында шииттердің наразылық шарасын тоқтатуға көмектесу үшін Бахрейнге саудиялық күштер орналастырылды.

Иран Бахрейннің әрекетіне өзінің "тиісті жауап" қайтаруға құқығы бар екенін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG