Accessibility links

АҚШ Сириядан азаматтарын шығармақ


АҚШ мемлекеттік департаменті Сириядағы елшіліктің маңызды емес қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінен елден шығуды сұрады. Сирияда үкіметке қарсы наразылық танытушылардың басып-жаншылуы барысында зорлық-зомбылық әрекеттері көбейеді деген алаңдаушылықтар айтылып отыр.

Дүйсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Дераа қаласында қауіпсіздік күштері шерушілерге оқ атқан соң кемінде 39 адам опат болып, 70 кісі жарақат алды.
Осыдан алты апта бұрын басталған шерулерде әскерилер алғашқы рет танктерді пайдаланып отыр.

Адам құқығын қорғаушы топтардың айтуынша, Сирияда үкіметке қарсы шерулер басталғалы бері қауіпсіздік күштері 400-ге жуық адамды өлтірген.

Ақ үй президент Башар әл-Ассадтың режиміне қарсы санкцияларын күшейту мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG