Accessibility links

Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі сотқа тартылды


Каирде Египеттің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли сотқа тартылып отыр. Оған "бұрынғы президент Хосни Мүбәрәктің режимін құлатқан шерулер барысында наразылық танытушыларға оқ атуды бұйырды" деген айып тағылған.

Мемлекеттік MENA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Адлимен бірге оның бұрынғы 6 көмекшісі айыпталып отыр.

Ресми деректерге сәйкес, елде 18 күнге жалғасқан жаппай наразылық шарасы барысында 846 адам өлтіріліп, бірнеше мың адам жараланған.

Үкіметке қарсы шерулерге байланысты Мүбәрәк ақпанның 11-де биліктен кетуге мәжбүр болды.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG